Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу жерінде тренинг өтті

taglym.kz 30.04.2019 2946 0 пікір
Жетісу жерінде тренинг өтті

Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі, дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын дәріптеу, рухани құндылықтарды жаңғырту және деструктивті діни ағымдарға қарсы күресу, әрбір Қазақстан азаматының патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында қабылданған өзара келісім меморандумы аясында жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.


Кезекті жиын «Болашақ жастардың қолында» тақырыбында Талдықорған қалалық өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі мен Талдықорған қалалық Гуманитарлы-техникалық «Білім» колледждерінің білімгерлерінің қатысуымен өтті.


Кездесуге Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының мамандары мен Ескелді ауданының бас имамы және «Еркін» мешіттерінің бас имамдары Мұхаммед Ордыбай, Хадис Хумар қатысып, жастардың сауалдарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру