Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Теңбіл доптан жарыс өтті

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі 23.04.2019 3246 0 пікір
БҚО: Теңбіл доптан жарыс өтті

Бөрлі ауылының Бөрлі спорт кешенінде мешіт жамағаты арасында аяқ доптан Бөрлі ауданының ІІ ашық біріншілігі өтті. Оған облысымыздың аудандарынан сегіз команда қатысты.

Біріншіліктің ашылуына Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары А.Көшкінбаев, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Е.Қарақұлов қатысты.

Спорттық ойын Ақжайық, Бәйтерек, Жаңақала, Қазталов, Подстепный, Теректі, Шыңғырлау, Ақсай мешіттері командалары арасында өтті. Алғашқы кезеңде командалар жеребе тартып, олимиадалық жүйе бойынша ойнады. Жеңіп шыққандар келесі анықталған командамен ойындарын жалғастырды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға Жаңақала ауданының командасы лайық деп танылса, екінші орынды Бәйтерек ауданы, ал үшінші орынды Ақжайық ауданының командалары қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, жарыстың «Үздік ойыншы» аталымымен Ерсұлтан Қаналиев (Жаңақала ауданы), «Үздік шабуылшы» аталымымен Қайрат Нагибов (Ақжайық ауданы), «Үздік қорғаушы» аталымымен Азат Нұрмұханов (Бәйтерек ауданы), «Үздік қақпашы» аталымымен Қайрат Мергенев (Бәйтерек ауданы) марапатталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру