Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақбөбек Ахметова кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрінің маңыздылығын насихаттау және ғаламтордан төнетін қауіптен сақтанудың амалдарын түсіндіру екенін атап айтты.
Мұғалжар ауданының Бас имамы Ерболат Жүсіпов колледж оқушыларымен кездесу барысында, ең алдымен, ата-анамен, ұстазбен және қоғаммен байланыстың маңыздылығына және осы байланыстың берік болуының шарттарын тоқталды. Ол жастарға ата-анасы мен ұстаздарының айтқан ақыл-кеңестерін тыңдап, тиянақты білім алу парыз екенін және жақсы білім жарқын болашаққа бастайтынын түсіндірді. Өмірлік тәжірибесі толыспаған жас сананы ғаламтордағы қауіпті ақпараттан, түрлі жат ағымдардан қорғайтын бірден-бір иммунитет – білім екендігін атап көрсетті.
Жастар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, "Нұртай" мешітінің Бас имамы барлық сауалға жан-жақты жауап қайтарды. «Дін және жастар» тақырыбындағы тағылымды кездесуге қатысқан оқушылар колледж қонағына шынайы алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
19.04.2019
3065
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру