Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өткен «Жастар және жастардың рухани келбеті» тақырыбындағы бірлескен идеологиялық бағыттағы шараға Тәжиден Батырұлы атындағы қалалық мешіттің наиб имамдары Н.Убаев пен М.Мұханғалиев қатысып, ашық сұхбат алаңын құрды. Кездесу барысында жастардың рухани келбеті, тәрбиенің маңыздылығы мен имандылық тақырыптары кеңінен қозғалды. Жиынды қорытындылаған Наурыз Убаев жстарымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрді ұдайы жадында сақтап, оны құрмет тұтып қадірлеуі, өз туыстары мен отандастарына ілтипат көрсетуі үшін кез-келген қоғамда адамгершілік құндылықтар бірінші орында тұруға тиіс екенін атап өтті. Дәстүрлі ислам дініндегі ата-дәстүрімізбен ұштасып жатқан адамгершілік құндылықтар туралы айта келіп, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, ұят сынды ең маңызды қасиеттерді сипаттап берді.
Ал өткен сенбі жастар жылын негізге ала отырып татулықты насихаттау, бірлік пен бауырластықты күшейту мақсатында мешітте сауат ашу курсында дәріс алып жүрген шәкірттер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітінің баспасөз қызметі
17.04.2019
3087
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру