Көктем мезгілі келгенде әдеттегідей айналаның тазалығы, арық көздерін ашу, ағаш отырғызу, ағаштарды бұтап, түбін әктеу үрдіске айналған. Осындай игі шара 13 сәуір сенбі күні Павлодар облыстық орталық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінде ұйымдастырылды. Тазалық жұмысына наиб имамдар, әйел-қыздар секторы жамағаты, мешіт қызметкерлері, медресе шәкірттері, сондай-ақ, әртүрлі жастағы мешіт жамағаты жұмылдырылды.
Мешіт тазалығына қатысушылардың жұмысын жеңілдету үшін арнайы техникалар да қолданылды. Бұл шараға барлығы 40 тан аса адам қатысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
mazhab.kz
15.04.2019
3266
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру