ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 7 сәуір күні «Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды.
«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ж.Сейдуллаұлының айтуынша, мультфильмнің екі сеансына 5000-ға жуық бала, оның ішінде көпбалалы және әлеуметтік әлеуеті төмен отбасылардан шыққан балалар, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері мен мүгедек балалар қатысты.
— Бұл бір жағынан, қайырымдылық іс-шара. Екінші жағынан, отандық мультфильмдер жас көрерменнің ел тарихына деген қызығушылығын арттырады. Отандық анимациялық туындыларды көрсетудегі мақсат – даңқты батырлардың ерлігін, қазақ халқының мәдениетін анимация арқылы таныту, сондай-ақ жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, — дейді Жеңіс Сейдуллаұлы.
Ерекше атап өтетін бір жайт, алдағы уақытта «Қазақконцерт» және «Қазақфильм» ұйымдарының бірлескен бастамасы жалғасын тауып, «Қазақстан» ОКЗ кинозалында мультфильмдер және қазақ кино өнерінің басқа да озық туындылары жас бүлдіршіндерге тегін көрсетілмек.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
kazislam.kz
09.04.2019
3248
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру