Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Уақиға» сүресінен жарыс өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 05.04.2019 3473 0 пікір
Маңғыстау: «Уақиға» сүресінен жарыс өтті

Бүгін Маңғыстау облыстық орталық мешітінде әйелдер-қыздар арасында «Уақиға» сүресін жаттаудан жарыс өтті.

«Уақиға» сүресін жаттап, қатесіз оқудан ұйымдастырылған Құран жарысына орталық мешіт жамағатымен қоса Қызылтөбе, Ералы, Ақшұқыр, Жетібай ауылдарының жамағаттары қатысып, барлығы 40-ққа жуық қыз келіншек өтініш білдірді.

Жарысты ұйымдастырушы Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұстазы Айгерім Ахметова Құран оқудың, оны жаттаудың артықшылығы турасында мағыналы уағыз айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіліеді.

Жарыс қортындысы бойынша I-орынға Ұ.Сналиева, II-орынға А.Сәрсенова, III-орынға А.Бүркітова лайық деп танылып, жүлдегерлерге марапаттау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

Шара соңында жарыстың сарапшысы болған, әйелдер-қыздар секторының жетекшісі, Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұстазы Г.Жұмағалиева Рамазан айында ұйымдастырылатын Құран жарысына шақыра келе, Құранды тез жаттаудың қыр-сырымен бөлісті.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру