Кеше ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов Казталов ауданына арнайы барды. Аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова жылы шыраймен қарсы алып, Еркебұлан Ыбырайымұлына аудандағы діни ахуал жайын баяндап, имамдардың атқарып жатқан істеріне тоқталды.
Одан кейін аудандық мешіттің бас имамы Жандосбек Құсайынов облыс имамын жиналған жамағатқа таныстырды.
Еркебұлан Ыбырайымұлы бесін намазынан кейін мешіт жамағаттарына «Нәпсі» турасында уағыз айтып, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.
Намаздан кейін ауыл имамдарымен дидарласып, атқарып жатқан істеріне ризашылығын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
02.04.2019
3214
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру