Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде діни қызметкерлерге семинар-тренинг өтті

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 24.03.2019 3182 0 пікір
Ақтөбеде діни қызметкерлерге семинар-тренинг өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде имамдар мен теолог мамандарға білікті маман тарапынан тренинг өткізілді. Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы ұйымдастырған бұл шараға еліміздің көрнекті оқу орындарының бірі «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, «экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау  институтының» директоры, докторант Асқар Сабдин семинар-тренинг өткізді.

Тренингте қозғалған мәселелер қатарында мынадай маңызды мағлұматтар қамтылды. 

«Дін – маркетинг», «дін – сауда тауары» деген ұғымдарды кеңінен талқыға салып, дін деген тауарды халыққа дұрыс ұсына білсең, тауарыңды өткізе алатыныңды ерекше ескеру керек екенін мамандарға түсіндірді. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру