Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әлем чемпионы Ардақ Назаров Нұр-Мүбарак жастарын жігерлендірді

www.nmu.kz 14.03.2019 3197 0 пікір
Әлем чемпионы Ардақ Назаров Нұр-Мүбарак жастарын жігерлендірді

Спорт саласында елеулі жетістіктерімен ғана емес, жастар арасында өзіндік өнеге мектебін қалыптастырып жүрген ережесіз жекпе-жектің үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров Нұр-Мүбарак университеті студенттерімен кездесті. Тағылымды кездесу жайлы естіп, әлеуметтік желілер арқылы біліп университеттен тыс арнайы келген жастар да аз болмапты. 

Әрбір бала бойындағы елге, Отанға деген сүйіспеншілік отбасындағы тәрбиеден, ата-анаға құрмет, бауырмалдықтан басталады. Өмірде жетістікке жету үшін алдыңа мақсат қойып, сол мақсат жолында табанды еңбек етсең ғана жеңісті нәтижесін көруге болады, — деген Ардақ Назаров адамды адал еңбек биікке жетелейтінін кеңірек түсіндірді.

Сонымен қатар, имандылық жолына, мұсылмандық парыздардың маңыздылығын түсінуге себеп болған ғибратты оқиғалары жастарға ерекше әсер етті. Жеңімпаз ағаларының әңгімесіне ұйып қалған жастар да көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Университеттің "Тәрбие және дін істері" бөлімінің меңгерушісі Оралхан Сейдманов пен бас маман Мақсат Байзақ құрметті қонаққа университет атынан алғыс білдіріп, естелік сыйкәде жасады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру