Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл теологтары телеграмда сұрақтарыңызға жедел жауап қатады

Ақерке БЕКҚҰЛОВА, «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 14.03.2019 2432 0 пікір
Жамбыл теологтары телеграмда сұрақтарыңызға жедел жауап қатады

Технология қарыштап дамыған сайын ақпарат, мәлімет тарату жолы да күн сайын жетіліп келеді. Бүгінгі таңда оқырмандар тек кітапқа ғана жүгініп қоймай әлеуметтік желілер арқылы да керегін алып, біліп, мамандардан тікелей сұрай да алады.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі халыққа діни дұрыс ақпаратты жылдам жеткізу үшін ресми сайт жүргізіп қана қоймай, youtube, facebook, вконтакте, телеграм, инстаграм желілерінде де арнайы парақшаларды жүргізіп отырады.

Осыған орай, «Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, облыстық мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұлдың бастамасымен ашылған Телеграм әлеуметтік желісіндегі «Сұрақ-жауап» каналының админдерінің басын қосқан дөңгелек үстел өтті.

Топқа жауапты админдермен танысып, жоспар жасау, тәжірибе алмасу мақсатында жүргізілген іс-шарада түрлі ұсыныстар айтылып, осы іске мұрындық болған өкіл имам тарапынан админдердің желіде тіркелген азаматтардың сұрақтарына дер кезінде жауап беру, әйелдер тобы мен орыс тілді топтың жұмыс сапасын арттыру сынды тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, «Сұрақ-жауап» тобының жұмыс сапасын жоғары деңгейге көтеру жайлы сөз болды.

Айта кету керек, бұл топтың әкімшілері: білікті ұстаздар, имамдар, теолог мамандар. Топ ашылған уақыттан бері екі аптаның ішінде 50-ге жуық сұраққа жауап берілді. Қазақ тілді ерлер тобында қазіргі уақытта 621 азамат тіркелген. Орыс тілді топта 51 азамат. Әйелдер тобына 158 адам тіркелген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру