Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Бас мешітте тұсау кесер рәсімі өтті

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 11.03.2019 3639 0 пікір
Шымкент: Бас мешітте тұсау кесер рәсімі өтті

Бүгін қасиетті жұма күні мен ережеп айының бірінші күні Шымкент қаласы орталық мешітте дін мен дәстүр сабақтастығы аясында тұсау кесер рәсімі болып өтті.

Ұлттық дәстүрлерімізді жаңғырту һәм насихаттау мақсатында ұйымдасьырылған шараға өкіл имам Бақтыбай Бейсенбаев, наиб имамдар Ахметжан Керімбек, Бекайдар Әміре, Мұхамеджан Естеміров т.б. мешіт ұжымы қатысты.

«Балаларымызға асыл дініміздің құндылықтары мен қатар ұлттық салт-дәстүрлерімізді сіңіре беруіміз қажет. Ол үшін осындай игі іс-шаралар мен рәсімдердің орны бөлек», - деді өкіл имам Б.Бейсенбаев.

Шара аясында  мешітіміздің абыз ақсақалы Бекайдар Төлжанұлы  қос бірдей нәресте Абдужаппар Нұрланұлы мен Мұхаммедали Есалыұлының тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру