Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірінде бата сайысы өтті

Алматы өңірі бойынша баспасөз қызметі 11.03.2019 4914 0 пікір
Алматы өңірінде бата сайысы өтті

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы «Майбұлақ» мешітінде асыл дінімізді дәріптеп, ұлттық дәстүрімізді ұлықтаған аудан ақсақалдары арасында «Батамен ел көгереді» атты тақырыпта бата сайысы өтті. Екі кезеңнен тұратын сайысқа қатысқан сегіз  қарияның қазақтың рухани қазынасын көрсете білуі мен мәнер-мақамы, киім үлгісі, батаның тәрбиелік мәні  бағаланды. Бата сайысы бойынша бірінші орынды Ынтымақ ауылынан келген Мәкен Қонысбайұлы ақсақал иеленсе, екінші орын Оңдасын Жадығұлұлы  ақсақалға бұйырды. Одан кейінгі жүлделі орындарды батагөй қариялар Оңдасын Жадығұлұлы, Қалыбай Байысұлы, Мәжит Құдайигенұлы және Мамытжан Орақбайұлы иеленді.

Бата жарысының екі кезеңінің арасындағы бос уақытында қазақтың ұлттық салт-дәстүріне  қатысты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, оның жеңімпаздары, «Ақ әжелер» ансамблінің мүшелері Мамедова Зияш, Рысханова Хадиша және Дүйсебаева Райхан әжелерімізге бағалы сыйлықтар тарту етілді. Жарысқа қатысушылардың барлығына бағалы сыйлықтар беріліп, жасы үлкен ақсақалдарға шапан жабылып, құрмет көрсетілді. Жиын соңында жиналған қауымға  мешіт асханасында дастархан жайылып,  бас имам Қалжан Әріпжанұлына халықтың атынан алғыс айтылып,  қазақтың атадан балаға мирас болып келе жатқан бата беру дәстүрі үзілмесін деген ниетпен «Ақ бата» атты кітапшалары таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру