Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Зекет» корпоративтік қорының оқу-жаттығу семинары ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасарлары, Тексеру комиссиясының және «Зекет» қорының мүшелері қатысты.
Басқосу жиынын өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашты. Жиын барысында Шымкент қаласы бойынша «Зекет» корпоративтік қорының өкілі А.Азимбаевтың атқарған жұмыстарының есебі және алдағы іс-шаралар жоспары тыңдалды.
Сонымен қатар, «Зекет» қорының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіт жанынан құрылған жаңа құрамы таныстырылып, оларға алдағы уақыттарда атқаратын жұмыстары туралы нақты тапсыралар берілді.
Қорыта айтқанда, Шымкент қаласы бойынша «Зекет» корпоративтік қорының атқарған жұмыстарына оң баға беріліп, алдағы жұмыстары сәттілік тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
05.03.2019
2872
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру