Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Павлодарда

Павлодар облыстық мешітінің баспасөз қызметі 04.03.2019 2873 0 пікір
РАНТ мүшесі Павлодарда

Павлодар облысына 28 ақпан және 1 наурыз аралықтарында ҚМДБ-ның «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы Хамзат Қажымұратұлының сапары жүзеге асты.

Жұмыстың бірінші күні Павлодар қаласының имамдарымен кездесті. Кездесу барысында «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің 2019 жылғы негізгі бағыттары жайында сөз болды. Жиында қала имамдарына уағыз айтудың заманауи әдіснамалары бойынша дәріс жүргізді.

Сапар жалғаса келе Ақсу қаласындағы балалар шығармашылығы үйінде «Уақытты жүйелеу – береке бастамасы» атты жастармен кездесу өтті. Кездесуге «Ақсу қара металлургия колледжі» студенттері, мектеп оқушылары, ұстаздар қатысты.

Кездесу жалғасын тауып, Ақсу қаласы мешітінің жамағатымен кездесіп, «Жастық шақтың қадірі» тақырыбында уағыз айтты.

Сапардың екінші күні Екібастұз қаласының мешітінен басталды. Жұма намазының алдында «Исламдағы аманат ұғымы»  тақырыбында мешітке келген жамағатқа уағыз айтты.

Сол күні «Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз Колледжі» студенттерімен кездесіп,  «Жастарға қажетті құндылықтар»  тақырыбында  дәріс жүргізді. Ақшам намазынан кейін мешіт жамағатымен кездесіп, еркін тақырыпта уағыз болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру