Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда 1 наурыз Алғыс айту күні болып бекітілді
Елбасымыз Алғыс айту күні туралы:
Алғыс айту күні еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні болғандықтан, Семей аймағы бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Қос мұнаралы орталық мешітте «Ислам және жастар жылы» аясында Алғыс айту күніне орай мерекелік шара өтті. Шараға Семей аймағы бойынша өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы қатысты. Өкіл имам жастарды бірлікке, бауырмал жанашыр болуға, еліне дініне пайда ғана әкелетін азамат болуға шақырды. Сонымен қатар Қазақ еліне еңбегі сіңген ардагер әжелер қатысып, Жастармен өмірлік тәжірибелерімен ақыл кеңестерімен бөлісті. Тәуелсіздікке қол жеткізуге себепші болған Елбасымызға, азаматтарымызға алғысымызды ұмытпауымызды да өсиет етті. Жастар да өз кезегінде жеткен жетістіктерімен бөлісіп, барша қазақ еліне алғыстарын білдірді. Шара соңында мешіт пен қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген жастарға алғыс хаттар табысталды. Ақ дастарқан басында бас қосып еліміздің амандығы үшін дұға жасалды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
04.03.2019
3912
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру