Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: ҚМДБ сайттары насихатталды

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 01.03.2019 2718 0 пікір
ШҚО: ҚМДБ сайттары насихатталды

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Діни басқармаға қарасты сайттарды жастарға насихаттау шарасы болып өтті. Облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өткен жиынға студент жастар, және жамағат қатысты.

«Жат ағымдардан сақтану, діни мағлұматтарды нақты мақұлданған ақпарат көздерінен алу жастар үшін аса маңызды. Сондықтан біз осы шараны жасап отырмыз. Жастарды жат ағымдардан қорғау күн тәртібіндегі басты міндет» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

Алқалы басқосуда жастарға тағылымды насихат айтылып, діни бағыттағы ақпараттарға аса талғаммен, байсалдылықпен қарау қажеттігі ескертілді.

Жиында жастарға ҚМДБ-ға қатысты барлық өкілдіктердің сайттары таныстырылды.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру