«2019-Жастар жылы» аясында «Нұр-Мүбарак» қазақ египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жинди 26-27 ақпан күндері Павлодар облысында болды. Ректор мырза алдымен Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкәр Сыддық» медресесінде болып, онда оқып жатқан шәкірттермен кездесті.
Келесі кезекте Мухаммад әл-Жинди мырза Павлодар қаласындағы еліміздің жоғары білімнің үлкен ошақтарының бірі болған С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетіне арнайы ат басын тіреді. Университет ректорының міндетін атқарушы, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов білім ордасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Шетелдік қонақ археологиялық музейде жинақталған құнды жәдігерлерді көрді.
Кейін ПМУ студенттеріне Мысыр университетінің тәжірибесін мысалға келтіріп, экстремизмді алдын алу шаралары мен төзімділікті тәрбиелеу тақырыбында дәріс оқыды.
Университет жанында терроризм мен экстремизмге қарсы күрес орталығы жұмыс істейді. Орталық жұмысы зардап шеккендерге көмек көрсету, қарым-қатынас орнатуға негізделген. Кездесу серіктестік жөнінде меморандумға қол қою шарасымен тәмамдалды.
Қос тарап жоғары оқу орындар арасындағы екіжақты қарым-қатынастар жаңа ғылыми жобаларды жүзеге асыру мен мәдениаралық байланыстарды дамытуға оң әсерін тигізеді деген пікір білдірді.
Сондай-ақ «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ақшам-құптан намазы аралығында жамағатқа уағыздар айтты.
Ал келесі күні Мухаммед ал-Жинди мырза қалалық «Достық» үйінде облысқа қарасты барлық мешіт имамдары, діни қызметшілер, жоғарғы оқу орнының студенттері мен қоғамдық ұйымдарына қарасты жастар өкілдерімен «Жастрадың рухани тәрбиесіндегі діннің рөлі» тақырыбында кездесу жасады. Кездесуде дін саласындағы тұрақтылықты нығайту, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, жастар арасында діни антирадикалдық иммунитетті дарыту бағытында әңгімелер өрбіп, имамдар мен жастардың осы бағыттағы біршама сұрақтарына профессор, доктор Мухаммед ал-Жинди нақты, түсінікті жауаптар берді.
Әрбір келелі кездесулер соңы сыйластық пен түсіністікке толы болып, естелік сыйкәделер жасалып, суретке түсті. Мухаммед әл-Жинди мырзаның сапары өңірлік радио, телевиз және басқа да ақпарат құралдарымен кеңінен насихатталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
27.02.2019
2911
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру