Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАҚ өкілдеріне ауызашар берілді (ФОТО)

Ақерке БЕКҚҰЛОВА www.muftyat.kz 05.06.2017 3628 0 пікір
БАҚ өкілдеріне ауызашар берілді (ФОТО)

Рамазан – сексен үш жылдың сауабына тең келер қасиетті Қадір түні бар ең берекелі ай. Айтулы ұлық Рамазан айы кірісімен «Һибатулла Тарази» мешітінде күнделікті ауызашар берілуде. 150-ден астам ораза тұтушыға ақ дастархан жайылып, әр күн сайын арнайы қонақтар шақырылуда.

Кеше мешіттің бұл жолғы кезекті қонағы БАҚ өкілдері дастархан басында бас қосып, ауыз ашты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек тілшілерді мүбарак ораза айымен құттықтап, мешіт атынан сыйлықтар табыстады.

Имам халық амандығы үшін дұға жасап, халықты тың ақпараттармен жедел хабарландырып отыратын журналист мамандарға істерінің жемісті болуын тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру