Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Театрға арналған кеш

20.02.2017 3450 0 пікір

Театр — мәдениет пен тарих куәгері. Сондықтан «Нұр-Мүбарак» университетіндегі  шәкірттерді  жан-жақты қалыптастырудың  бір бағыты ол студенттер мен магистрант-докторанттарды жүйелі түрде өнер шаңырақтарына бару мәселесі жолға қойылған. Бұған әсіресе, университеттің «Жалпы университетік гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Шолпан Бәйнеш ханымның белсенділігін ерекше атап өткен жөн. Жас ұрпақтың білімімен қатар тәрбиелілігіне ерекше мән беретін Шолпан Борантайқызы тіпті қойылымдарды өзі саралап, студенттерге билеттерді алдын ала әкеледі.  Себебі, театр классикалық өнер ордасы ғана емес, қоғам айнасы деуге болады. Тіпті осыдан неше ғасыр бұрынғы уақытты көз алдыңа әкелетін туындылардың өзі сахналанғанда, бүгінгі күннің бетпердесіз шындығы мен тауқыметін астарлап тұрғанын аңғару да қиын емес. Сондай туындылардың бірі  Н.В.Гогольдің “Үйлену” комедиясы…

Алматыдағы М.Әуезов драма театрының тұрақты көрерменіне айналған “Нұр-Мүбарак” университеті ұжымынан  бұл жолы тек шәкірттер ғана емес, ұстаздар мен қызметкерлер де келді.  Сахнадағы көрініс  көрермендерді еріксіз екі ғасырға кейін шегіндіріп, сол кездің тұрмысы мен тыныс-тіршілігіне жетелегендей. Себебі, XIX  ғасырдың  алғашқы жартысында өмір сүрген орыс драматургінің шығармасы сол кезеңдегі қоғамдағы өзекті мәселені әжуәласа да ащы шындықты астарлап жатқаны  анық. Ал оның сахналануы актерлердің шеберлігі арқылы күнделікті өмір мен қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді астарлап, күлкімен көкейге сан түрлі ой салады. Тайға таңба басқандай мен мұндалап көрініп тұратын түйткілдерді таңдай қақтыра жеткізеді.

Осы жолы сахналанған “Үйлену” комедиясында әрбір актердің шеберлігі жайлы ерекше тоқталып өтуге болады. Әсіресе, Дулыға Ақмолданың өз образын жеткізу барысында қазақша сөз саптауы, шығарманы Гоголь емес кең байтақ қазақ даласының баласы жазғандай әсер аларсыз.

Көпес қыздың көңілін аулау үшін кейіпкерлер сан түрлі әрекетке барады. Анучкиннің  оқыс қимылдары, Жевакиннің биі, Дуняшаның қонақтарды күтіп алуы секілді сюжеттер қойылым барысын аша түскендей.
Ақыры соңында «Үйленсем бе, үй­ленбесем бе» деп басы қатып жүрген Подколесин пысық досы Кочкаревтің арқасында күйеу болып шыға келеді. Шын мәнінде, комедияны сүйетiн кө­рермен үшiн Гогольдiң шығармалары таңсық болмаса керек. «Үйлену» спектаклi театрдың сахнасында бұрын да қойылған. Бұл жолғы ерекше­лiгi кейiпкерлер ескi болғанымен, кейiпкерлердi сомдайтын актерлердiң жаңашылдығы. Бiр кездегi орыс дворяндарының бойындағы кемшiлiктердi өткiр әзiлмен, әжуамен түйрей бiлген Гоголь шығармасы әлi күнге өзектi болып отыр. Қазақ қоғамынан да кездесетiн мұндай олқылықтар спектакль барысында көзiңiзге оттай басылады. «Үйленудегi» Анучкин, Подколесин, Жевакин, Агафушка, Кочкарев ойындары сәттi шыққан.
Тiптi есiктен «күйеу жiгiттердi» қарсы алып жүрген Дуняша рөлi де өзiндiк өрнегiмен ерекшеленедi. Спектакльдегi «жеңгетай» бейнесiн сомдаған Фекланың да өн-бойынан комедияға тән образ сомдалған.
Әлбетте театрлық өнер  көрермендерді  сан түрлі ойларды саралауға, мың түрлі пікірлерді сараптап, ой түйіндеуге септігін тигізері сөзсіз.  Сондықтан “Нұр-Мүбарак”  университетінен келген көрермендер театрға арналған кештен өздеріне демалыс сыйлап қана қоймай, көкейлеріне сан түрлі ой түсіп қайтты деген сенімдеміз.  

 

Айша КЕҢЕСБАЙ

“Нұр-Мүбарак” университетінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру