ҚМДБ-ның жанындағы «Әйел-қыздар» секторының құрылғанына 10 жыл толуына орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен «Үздік ұстаз – 2026» атты ұстаздар сайысы өтті.
Білім мен тәрбиені ту еткен ұстаздар қауымының мәртебесін асқақтатуға бағытталған шараға Қарағанды облысына қарасты мешіттердің білікті ұстаздары қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін ортаға салды.
Сайыс алты кезеңнен тұрды: «Менің ұстаздық миссиям» таныстыру бөлімі, «Рухани сабақ» кезеңі, «Ұстаз және тәрбие» шығармашылық бөлімі, «Білім мен парасат» сұрақ-жауап кезеңі, «Ұлағатты ұстаз» портфолиосы және «Менің ұстазым» бөлімінде шәкірттердің шынайы пікірлері ұсынылды.
Сайыс барысын тәжірибелі әділқазылар алқасы бағалады. Олардың қатарында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстаздары Әйгерім Берікболқызы мен Арай Серғалиқызы, Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Ажар Қыдырманқызы және Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Алия Жалғабекова болды.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың еңбегі лайықты бағаланды. Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.
Сайыс қорытындысы:
І орын — Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» және «Бала қажы» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызы;
ІІ орын — Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызы;
ІІІ орын — Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің ұстазы Рахымбаева Әйгерім.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
06.05.2026
77
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру