«Иса қажы мешіті»
Үржар ауданы, Мақаншы өңірі, Қарабұта ауылында бой көтерген. Оның құрылысы 2006 жылы басталып, 2008 жылы аяқталды. Ғимаратты Иса қажы ұрпақтары өз қаражаттарына салған. Ғимараттың ауданы 130 шаршы метр, 200 адам намаз оқи алады. Бір мұнаралы, биіктігі 10 метр, күмбезінің биіктігі 3 метр. Мешіт қазіргі заман талабына сай әшекейленіп салынған. Мұнда намаз оқитын зал, имамның бөлмесі, әйелдерге арналған намаз оқитын бөлме бар. Ғимаратқа толықтай жылу жүйесі тартылған. Ауласы әдемі безендірілген темір шарбақпен қоршалған.