«Құйған ауылдық мешіті»
Күршім ауданы Құйған ауылында 2006 жылы салынған. Ауданы 111,6 шаршы метр. Ауласы қоршалып, шырша ағаштары егілген. Алла үйінің жалпы аумағы 48 шаршы метр, 100 адамға арналған. Биіктігі 3 метр. Қос мұнаралы, кіре беріс жақтаулары мәрмәрдан қаланып, маңдайшасына «Лә иләһә иллалаһ, Мұхаммадур расулуллаһ» деп жазылған. Төрт бөлмеден тұрады. Ішке кіргенде есіктің екі жағына аяқ киім сөрелері және киім ілгіш қойылған. Сол жақта имам бөлмесі орналасқан. Іші диван, орындық, жұмыс үстелі, телефон, кітап сөрелерімен жабдықталған. Есіктен кіріп, оңға бұрылғанда жуынатын бөлмеге баруға болады. Ішіне жайнамаз төселген. Азан шақыратын дыбыс күшейткіш құрылғымен жабдықталған. Күмбезінің биіктігі 3 метр, мұнарасының биіктігі 11 метр .
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР 
05.06.2019







+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3