Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Садуақас Шәкенұлы атындағы мешіт» (Суреттер)

«Садуақас Шәкенұлы атындағы мешіт»

 Үржар ауданы Көктерек ауылында орналасқан.  Қабырғасы ақ кірпіштен қаланған, ұзындығы 11 метр, ені 9 метр, биіктігі күмбезімен бірге 6 метр. Қос мұнарасының биіктігі 10 метр. Іргетасы әшекейленген тастардан қаланған. Төбесінде үлкен бір күмбезі бар. Ғибадат үйін 2006 жылы Мейрамбек Шәкенов салғызған. Ғимараттың көлемі 100 шаршы метр

Алдыңғы жағында екі, оң жағында екі терезе, бір есік, сол жағында үш терезе, михрабта екі терезе, әр мұнараның жоғарғы жағында төрт терезеден орнатылған. Сырттан кіргенде киім ілетін, аяқ киім шешетін бөлмелер де қарастырылған. Сол жақ қанатында имам бөлмесі,  80 адамға арналған намаз залы мен михраб орналасқан. Едені ағаш, толықтай кілемдер төселген. 

Осы облыстағы мешіттер