Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Көкпекті орталық мешіті» (Суреттер)

«Көкпекті орталық мешіті»

Көкпекті ауданының орталығында салынған. Мешіт құрылысы 2004 жылы көктемде басталып, 2005 жылы қасиетті Рамазан айының Қадір түні қарсаңында халық игілігіне берілді. Ғимараттың көлемі 150 шаршы метр. Сыртқы көрінісі шығыстық үлгіде. Өзбекстаннан әкелінген өрнектелген кірпіштен  көз тартарлықтай етіп қаланған. Күмбезінің биіктігі 12, қос мұнарасы 18 метр.  

Ішінде Бас имам бөлмесі, әйелдердің ғибадат ететін бөлмесі және жүз адамдық  ерлерге арналған намаз  оқитын залы бар. Зәулім ғимаратты аудан тумасы, кәсіпкер Қайрат Дүйсенғұлов салдырған.

Осы облыстағы мешіттер