Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Рымбек ата мешіті» (Суреттер)

«Рымбек ата мешіті»

Жаңа Семей ауданы Қайнар ауылында 2006 жылы салынған. Қабырғасы қызыл кірпіштен тұрғызылған. Онда бір мезгілде 150 адам намаз оқи алады. Намаз бөлмесінің ұзындығы 12,5, ені 9,7 метр. Имам бөлмесінің ұзындығы 4,3, ені 4, биіктігі 3 метр. Бір мұнаралы, биіктігі 13 метр. Күмбезінің биіктігі 3 метр. Қатымхана 200 орындық. Алла үйін салдырған Рымбек Байсейтовтар әулеті. Ауласы қоршалған. Қазіргі заман талабына сай өте көрікті салынған мешіттердің бірі. 

Осы облыстағы мешіттер