«Кривинка ауылдық мешіті»

Бесқарағай ауданы Кривинка ауылында бой көтерген. Ғимаратты 2005 жылы аталмыш ауыл тұрғыны, шаруа қожалығының иесі Бати Өмірхан өз қаражатына салдырған. 50 адамға арналған. Жерінің аумағы 0, 1262 га, ғибадатхананың ауданы 80 шаршы метр. Намаз оқитын залының алаңы 40 шаршы метр. Ортасында күмбез орналасқан. Төбесі мен күмбезі жылтыр қаңылтырмен қапталған. Ағаштан тұрғызылып, сырты ақ силикат кірпіштен қаланған. Есік, терезелері пластиктен жасалынған. Мешіт еденіне толықтай кілем төселген.Алла үйі ауыл орталығында, мектепке жақын орналасқан. Сырты темір шарбақпен қоршалған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019







+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3