Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Үржар орталық мешіті» (Суреттер)

«Үржар орталық мешіті»

ШҚО Семейден оңтүстік шығысқа қарай 550 шақырым жердегі Үржар кентінде салынған. Құрылысы 2005 жылы басталып, 2010 жылы желтоқсанда Бас мүфтиі, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Мешітті салған Ұржар ауданының түлегі Серік Қадыров пен Ардақ Өтегеновтер Алла разылығы үшін өз қаражаттарына салып берді.

Үстіңгі қабатында 1000 кісі намаз оқитын үлкен зал, төменгі қабатында имам бөлмесі, есепші бөлмесі, холл, Құран оқитын, неке қиятын бөлме мен әйелдердің намаз оқитын бөлмесі орналасқан. Еденіне кілемдер төселген.

Мешіт 2 мұнаралы, биіктігі 10, күмбезінің биіктігі 5 метр. Қабырғасы ақ керамогранит плитамен қапталған. Ауласы темір шарбақпен қоршалған. 

Осы облыстағы мешіттер