Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Төлеубек қажы мешіті» (Суреттер)

«Төлеубек қажы мешіті»

 Семей қаласында 2007 жылы салынып,  Комсомол және Юность аудандарының тұрғындарының игілігіне берілген. Құрылысы 2006 жылы басталып, 2007 жылы  наурыз айында аяқталған. Ғимаратты Төлеубек қажының ұрпақтары – Сексенбаевтар әулеті салдырған.

Құлшылық үйінің ашылу салтанатына қала әкімі Мейрамхат Айнабеков пен  Семей аймағының өкіл имамы Тыныштық қажы Яхияұлы қатысты.

Ауласының аумағы 1000 шаршы метр. Ғимарат Хорезмнен әкелінген қызыл кірпіштен өрілген. Ұзындығы мен ені 15х15 метр, биіктігі  6 метр, күмбезінің биіктігі 4 метр, мұнарасының биіктігі 13 метр. Намаз оқитын  ерлер залы 300 адамға, әйелдер бөлмесі 30 адамға арналған. Имам бөлмесі  3,4х4,5метр, кіреберістегі бөлме 3,5х4 метр. Ауласында арнайы 280 адамға  ас беретін арнайы орын жасалынған. Ауласында жылыту қазандықтары, шаруашылық заттарын қоятын қойма орналасқан.

Осы облыстағы мешіттер