«Төкеш мешіті»

Семей қаласында бой көтерген.ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Тыныштық қажы Яхияұлының ұйытқы болуымен алдымен жер телімі алынып, Батыс кентінен жаңа мешіт салу үшін «Ибраев+К» өндірістік компаниясының президенті Ғаббас Төкешұлына ұсыныс жасалып, соның нәтижесінде Ибраевтар әулеті салып берді.
Мешіт құрылысы 2008 жылдың маусым айының 21 жұлдызында басталып, 2008 жылдың қазанында халықтың игілігіне пайдалануға берілді.
Құдай үйінің жалпы аумағы 0,2328 га, пайдалы алаңы 227,7 шаршы метр.
Ғимарат мәрмәрмен, металлокерамикамен безендірілген. Ауласының жалпы көлемі 4800 шаршы метр. Оның 700 шаршы метріне асфальт төселген, қалған аумағына тал отырызылып, гүл егілген.
Әйелдерге арналған жеке бөлме бар. Сондай-ақ 20 шаршы метр дәретханасы бар. намаз бөлмесі бар. Су құбыры орталық жүйеге қосылған Мешіт ауласында имамға арналып салынған баспана тұрғызылған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019







+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3