Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жоламан мешіті» (Суреттер)

«Жоламан мешіті»

 Семей қалалық Жоламан елді мекенінде бой көтерген. Құрылысы 1996 жылы сәуір айында басталып, 2000 жылы қыркүйек айында аяқталды. Жер аумағы 0,4 га. Алдына бетон плиталар төселген, есігінің алдындағы биіктігі 60 см баспалдақпен көтеріледі. Шарбағының  бойымен ағаштар отырғызылған. Ауласы көгалдандырылып, гүлдер егілген. Қатымханасы да бар. Ғимараттың жалпы ауданы 227 шаршы метр, 250 адамға арналып салынған. Биіктігі күмбезімен 13 метр. Алла үйі 7х7 метрлік,  кіші залдан және 12,6х5,6 метрлік үлкен залдан, 5,6х3,9 метрлік әйелдер залынан, және имам бөлмесімен, Құран оқитын бөлмеден тұрады. Сырты сары түске боялып, архитектуралық өрнектері жасыл бояумен боялған. Күмбезі 6 қырлы, азан шақыруға арналған жоғарғы жағында балкон орналасқан. Күмбезі пирамида тәріздес. Үстінде жарты айы бар. Кіші залының төбесінде күмбез, үстіне жарты ай орнатылған. Дыбыс күшейткіш құрылғымен жабдықталған,  мінбері өрнектеліп жасалған. Ішіне кілем төселіп, намаз оқу үшін жайнамаздармен қамтамасыз етілген. Әйелдердің намаз бөлмесі жеке орналасқан. Терезелері пластиктен жасалған. Күмбезі 13, мұнарасы 30 метр. Ауласында 150 кісілік қатымхана, таһаратхана бар, жылу жүйесімен жабдықталған.

Алла үйі құрылысына ұйытқы болып, ірге тасын қалаған Семей қаласы мәслихатының депутаты, кәсіпкер Марат Құрманбай және бір топ демеушілер мен жергілікті тұрғындар. 

Осы облыстағы мешіттер