Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Даланбай ата мешіті» (Суреттер)

«Даланбай ата мешіті»

Семей қалалық «Мирный» елді мекенінде орналасқан. 2003 жылы «БТА банкінің» Семейдегі филиалының директорының  орынбасары Аслан Диқанбаевтың бастауымен 300 адамдық мешіт құрылысы басталды. Құрылысы қазіргі заманға сай 8 қырлы, 1  мұнаралы, 2 қабатты. 2006 жылы 25 қазанда Семей өңірінің өкіл имамы Тыныштық қажы Яхияұлы арнайы барып ашты. Ішіне біркелкі кілем төселген. Төбесі жасыл түспен, қабырғалары ақ түспен боялған. Үш аспалы және голлоген жарықтары жүргізілген. Ауласына тас төселіп, көгалдандырылған. Биіктігі 7 метр, мұнарасының биіктігі 13 метр. Аумағы 380 шаршы метр. Бірінші қабаты сауат ашу курсы, екінші қабатта 300 адамдық намаз залы, Құран оқитын және имам бөлмесі орналасқан. Жылу бөлмесі сыртта. Мешіт көркемделіп, ауласы қоршалған. 

Осы облыстағы мешіттер