«Нұр-Тоқтар мешіті»
Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінде 2004 жылы пайдалануға берілген. Тұрғындардың көмегімен салынған. Ауласының аумағы 0.105 га. Ғимараттың ұзындығы 12, ені 9 метр. Қабырғасының биіктігі 4 метр, күмбезі 2 метр. 100 адам намаз оқуға арналған. Еденіне кілем төселген, ішінде имам бөлмесі, әйел адамдардың намаз бөлмесі бар. Ғимаратты жылытуға арналған қазандық аулада орналасқан. Мешіт темір шарбақпен қоршалған.