Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қопа ауылдық мешіті» (Суреттер)

«Қопа ауылдық мешіті»

 Аякөз ауданы Қопа ауылында 2005 жылы салынған. Оның іргесін кәсіпкер Жәнібек Жақыпов Ардақ бауырымен бірге көтерген, 120 адамға арналған. Семей аймағының өкіл имамы Тыныштық қажы Яхияұлы сөз сөйлеп, салтанатты түрде ашты. Жер көлемі 891 шаршы метр. Ғибадатхананың ауданы 80 шаршы метр. Қабырғасы ақ силикат кірпіштен тұрғызылған, биіктігі 3 метр. Қабырғамен қоса салынған екі мұнарасының биіктігі 5 метр, күмбезінің биіктігі 2 метр. Имам бөлмесі, от жағатын орын, ерлер және әйелдер намаз оқитын бөлмесі бар. Еденіне кілем жайылған.

Осы облыстағы мешіттер