«Қосағаш ауылдық мешіті»

Аякөз қаласына қарасты Қосағаш ауылының орталығында салынған. Құрылысы 2005 жылы мамыр айында басталып, 2006 жылы қыркүйекте біткен. Жер аумағы 117.50 шаршы метр. Екі қабатты, биіктігі 6,80, ені 9,76, ұзындығы 15,30 метр. 200 адамға арналған. Астыңғы қабатында 9, үстіңгі қабатында 4 пластиктен жасалған терезезі бар. Астыңғы қабатта ерлердің, үстіңгі қабатта әйелдердің намаз оқитын бөлмелері орналасқан. Имамға, кітапханаға жеке бөлме қарастырылған.
Күмбезі жасыл кафельмен қапталған , биіктігі 4 метр. Ауласы темір шарбақпен қоршалған, қабырғасы кафельмен қапталған.
Ғимаратты ауыл халқы, Шақантай батыр ұрпақтары, кәсіпкер азаматтар жұмыла салған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР 
05.06.2019







+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3