«Ешенғазы ата мешіті»

Аякөз қаласына қарасты Ақшатау ауылдық әкімшілік ғимаратына іргелес тұрғызылған. Ол бұрынғы асхана болған ғимарат еді. 2007 жылдан бастап оны жөндеп, 2008 жылы күрделі жөндеуден өткізіп, халықтың пайдалануына берді. Жерінің аумағы 0,1184 га. Жанында көмір, отын тұратын сарайы бар. Ерлер намаз оқитын, әйелдер намаз оқитын бөлмелері, дәрісханасы қарастырылған. Жалпы 120 адамға арналған ғибадатхананың ауданы 210 шаршы метр. Биіктігі 3 метр, пішіні төрт бұрышты. Төрт бұрышында төрт мұнара тұрғызылған. Төбесіне қойылған күмбезінің биіктігі 5 метр, ол жылтыр қаңылтырмен қапталған.
Аслан Қажығұлов бас болып, кәсіпкер достарының көмегімен толығымен қайта жөндеу, қосымша құрлыстарын салу жұмысын аяқтаған. Алды темір қоршаумен қоршалған, екі жаны темір қаңылтырмен қапталған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019







+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3