Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бидайық ауылдық мешіті» (Суреттер)

«Бидайық ауылдық мешіті»

 Аякөз қаласына қарасты Бидайық әкімшілік ғимаратының жанында орналасқан. Бұрын дүкен болған ғимарат 2004 жылы қарашада кұрделі жөндеуден өткізіліп ортасына  күмбез орнатылды. Жалпы аумағы 0,18 га. Пайдалы алаңы 120 шаршы метр. 100 адам намаз оқи алатын ғибадатхананың жанынан  кірпішпен қаланып 1 мұнара  тұрғызылды, оның биіктігі 7 метр. Имамға арналған бөлмесі қарастырылған. Бес үлкен, 1 кіші терезе орнатылған.

Сырты  ағаш шарбақпен қоршалған. Құдай үйін Семей қаласындағы «Альянс банктің» директоры Бекмұхамет Бұғыбаев жөндеп, қамқорлығына алған.

Осы облыстағы мешіттер