«Жаңа ауыл мешіті»

Аякөз қаласында салынған. Ғибадатхана 2004 жылы 19 қарашада Бас мүфтидің қатысып, сөз сөйлеп, құттықтауымен ашылған. Ғимарат шаһардың солтүстік шығыс беткейіндегі «Жаңа ауыл» ықшам ауданында бір қабатты етіп тұрғызылған. Оны жергілікті кәсіпкер Сұлтан қажы Желдібаев Алла разылығы үшін өз қаражатына тұрғызған.
Жалпы аумағы 0,1187 га, пайдалы алаңы 250 шаршы метр. Ғибадатхана қазақ халқы қасиетті деп есептейтін 7 санымен байланыстырылып, жеті қырлы етіп салынған, 250 адамға арналған. Биіктігі 7 метрлік бір күмбез тұрғызылған. Төменгі қабатында жуынатын бөлме мен жеке жылу қазаны бар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР 
05.06.2019







+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3