«Барыс Ботыұлы» мешіті

Зайсан ауданы Қуаныш ауылында бой көтерген. Құрылысы 2006 жылы тамыз айында басталып, 2008 жылы мамыр айында жеке кәсіпкер Айдар Барысовтың демеушілігімен пайдалануға берілді. Қабырғасы қызыл кірпіштен өрнектеліп қаланған. Ғимараттың ауданы 120 шаршы метр, 100 адамға арналған. Үш бөлмеден тұрады: имамның бөлмесі 12 шаршы метр, от жағатын орын 8 шаршы метр, намаз оқитын залы 100 шаршы метр. Қос мұнаралы, биіктігі 13 метр, күмбезінің шеңбері 5 метр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР 
05.06.2019







+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3