«Рәсім» мешіті

Күршім ауданы Қалжыр ауылында салынған. Оны осы ауылдың азаматы Самат Рамазанов өз қаржысына тұрғызған. Ғимараттың ауданы 126 шаршы метр. Ашылу салтанаты 1997 жылы маусым айының 25 жұлдызында өтті. Күмбезі қаңылтырмен қапталған. Айналасы ағаш шарбақпен қоршалған. Ауласына ағаштар отырғызылған. Намаз оқитын бөлмесіне 100 адам сияды. 3 бөлмеден тұрады. Кіреберіс дәлізі 6 шаршы метр. Намаз оқитын бөлмесі 100, қызметшілер бөлмесі 20 шаршы метр. Арнайы жылыту жүйесі бар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019







+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3