Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Сағыр ауылдық мешіті» (Суреттер)

«Сағыр ауылдық мешіті»

 Ұлан ауданы Сағыр ауылында салынған. Құдай үйін 2005 жылы Бақытбек Асанов өз қаражатына тұрғызған. Мешіт ауылдың орталық  бөлігінде орналасқан. Жерінің жалпы аумағы он сотық. Ауласына жеміс ағаштары отырғызылған. Көлемі 80 шаршы метр, 60 адамға арналған. Ғимараттың биіктігі 7 метр. Үш метрге дейін биіктігі ақ кірпішпен қаланған, сырты қоршалған, азан шақыратын құрылғымен жабдықталып, имамға арнайы бөлме қарастырылған,  қыста электр пешімен жылытылады. Күмбезі көк, алыстан көз тартады.

Осы облыстағы мешіттер