Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жаңақанай мешіті» (Суреттер)

«Жаңақанай мешіті»

 Ұлан ауданының Жаңақанай ауылында бой көтерген. Құдай үйін 2005 жылы Сабырбай Шынжынұлы салдырған. Ғибадатхана ауылдың орталық бөлігінде орналасқан, жерінің жалпы көлемі он сотық. Ғибадатхананың ауданы 60 шаршы метр, 50 адамға арналған. Ғимарат биіктігі 6 метр, қабырғасы қызыл кірпіштен тұрғызылған. Сырты қоршалған, азан шақыратын құрылғымен жабдықталған, имамға арнайы бөлме қарастырылған, қыста электр пешімен жылытылады. Күмбезі кірпіштен салынған,  ауылға кіре бергенде бірден көзге шалынады. Ауласына жеміс ағаштары отырғызылған. Ғимарат жанында ауылдың әкімшілігі және мектеп орналасқан.

Осы облыстағы мешіттер