Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Тимирязев аудандық мешіті» (Суреттер)

«Тимирязев аудандық мешіті»

«Тимирязев аудандық мешіті» Тимирязев кентінде орналасқан. 2005 жылы мешіт салуға бөлініп берілген жерге ғибадатхана салуға әр ауылдың мұсылмандары қолдан келгенінше көмек көрсетті. 2009 жылдың  шілде айында Алла үйі салынып бітті. Күйдірілген кірпішпен көмкерілген тамаша ғимарат ауылға сән беріп тұр. Ғимараттың көлемі 120 шаршы метр, биіктігі 4, көк күмбезінің биіктігі 8 метр. Аумаққа жарық беретін шамдар және жеміс ағаштары отырғызылған.

Дәрет алатын бөлме мешіт ішінде орналасқан. Имамның бөлмесі бар, намаз  оқитын бөлме 75 адамға шақталған. Ауласына, жолдарға бедерлі тас төселген. Жерінің аумағы 400 шаршы метр, арнайы темір шарбақпен қоршалған.

Осы облыстағы мешіттер