Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Преснов» мешіті (Суреттер)

«Преснов» мешіті

2009 жылы астаналық кәсiпкер Қайырбек Әбірахманов өз қаржысына салдырған. 2010 жылы қараша айында кәсіпкер ғимараты мен жерін ҚМДБ-на сыйға тартты. Екi қабатты. Бірінші қабатында ерлер намаз оқитын 100 адамға арналған зал мен имам бөлмесi, екінші қабатында әйелдер намаз оқитын 50 адамға арналған бөлме және кiтапхана орналасқан. Іші қазақ оюларымен көркемделген. Есепшінің бөлмесі, дәрет алатын бөлмесі ішінде орналасқан.

Жалпы жер аумағы 0,075 га. Ғимараттың көлемi 118,8 шаршы метр. Мұнарасының биіктігі 18, күмбезi 13,5 метр.  Дыбыс күшейткіш орнатылған. Ауласына ағаштар егiлiп, көгалдандырылған, темір шарбақпен қоршалып, асфальтталған. 

Осы облыстағы мешіттер