Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Сейдахмет» мешіті (Суреттер)

«Сейдахмет» мешіті

«Сейдахмет» мешіті Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласында орналасқан. Бұрынғы ескірген Аютас мешітінің орнына 2003 жылы салынған. Алла үйін тұрғызуға «Асылхан-Агро» ЖШС (президенті М.М. Ерденов), «Алтын алқап» ЖШС (директоры Қ.Н. Жұмабаев), «Агросевер» ЖШС (бастықтары Қ.Ғ. Қадралин, И.Н. Гришанов), «Қазақстан ұлттық банкі» облыстық  филиалы (бастығы Ж.Қажрахимов), «Есіл су» мекемесі (бастығы В. Воронов) шаруашылық қожалықтарының иелері  К.Сақтанов, В.Синенко, Қ.Хамзин, М.Үмітбаев, Д.Колода, Н.Ясиновскаялар және сенат депутаттары Т.Қ.Симамбаев, М.Трошихиндер көмектесті. Сыртқы қабырғасы қымбат қызыл кірпіштен қапталып, іші арнайы дизайнер көмегімен безендірілген. Онда 200 кісілік ерлер залы және жоғарғы қабатта 100 әйелге арналған намаз залы бар. Төменгі қабатта имам, есепші бөлмесі, дәріс бөлмесі және жуынатын орын жайғасқан. Неке қию рәсімі өтетін киіз үй және өзге де шаруашылық жайлары бар. Жалпы аумағы 450 шаршы метр, пайдалы аумағы  310 шаршы метр, мұнарасының биіктігі 18 метр.

Мешіт ауласында имамға арналған үй бар. 250 орындық асханасы жұмыс істеп тұр. Осы ғимараттың ішінде сауат ашу бөлмесі және діни кітаптар сататын дүкен орналасқан. Ауласы зәулім мәнерлі шарбақпен қоршалып, гүл шоқтары отырғызылған.

Осы облыстағы мешіттер