Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Аякөз қалалық мешіті» (Суреттер)

«Аякөз қалалық мешіті»

«Аякөз қалалық мешіті» қаланың орталығында 2004 жылы салынған. Қаражатын көпшілік, кәсіпкерлер мен  мекемелер, дәулетті азаматтар көтерген.

Жалпы аумағы 0,5476 га, ал пайдалы алаңы 1000 шаршы метр. 800 намазхан бір мезгілде намаз оқи алады, үш қабатты. Бөлмелеріне «Алматы кілем» фабрикасының кілемдері төселген. Биіктігі 40 метрлік бір мұнарасы бар. Оны Османи сәулет үлгісімен түркиялық шеберлер жасап, аякөздік бауырларына тарту еткен.

Көгілдір күмбезінің биіктігі 40, шеңбері 7 метр. Барлық бөлмелері арнайы тапсырыспен жасалған жиһазбен, бейнефильмдер көрсету үшін жасалған бейнезалмен, іс қағаздарын жүргізуге арналған қажетті техникалық құралдармен, компьютерлермен жабдықталған және ғаламтор желісіне қосылған. Бірінші қабатында имам, наиб имам, есепші және дәріс бөлмелері бар. Екінші қабатында ерлер намаз оқитын үлкен зал, михраб, мінбер орналасқан. Үшінші қабатында әйелдер бөлмесі  орналасқан.

Мешіттің ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет қатысып, жұрт алдында уағыз айтып, алғашқы жұма намазын өткізді.  

Осы облыстағы мешіттер