«Қабдығали ата» мешіті.
«Қабдығали ата» мешіті. Катон-Қарағай ауданы Үлкен нарын ауылында орналасқан. Құдай үйін салуға ұйытқы болған Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдығали Татаев. Мешітке сол кісінің аты берілген. Құрылысы 2003 жылы басталып, 2005 жылы аяқталған, оған демеушілік еткен Марат Татаев. Жерінің жалпы аумағы 0,1221 га. Ауласы көгалдандырылған, 34 шырша отырғызылып, әр алуан түрлі гүлдер отырғызылған. Дарбазасы темірден жасалынған. Ғимаратының жалпы ауданы 165 шаршы метр, 110 адамға арналған. Ғибадатхананың биіктігі күмбезімен бірге 8,3 метр. Пішіні төрт бұрышты, төбесіне батыс жағына қарай үлкен күмбез орнатылған. Төрт бұрышында кішкене күмбездері бар, олардың биіктігі 1 метрден. Кіре берісінің оң жағында биіктігі 5,20 метр үлкен терезелер орнатылған, орталық күмбезінің асты ашық, күн сәулесі молынан түседі. Намаз оқитын екі үлкен залы, төрт кішкене бөлмесі бар. Бөлмелерінің ішкі бояуы көгілдір түсті, үлкен залда мінбер орнатылған. Әр бөлменің төбелеріне аспалы шам ілінген. Іші электр қуатымен жылытылады. Дауыс күшейткіш құрылғымен жабдықталған, түнде прожекторлар айналасын жарықтандырып тұрады. Кітап қоры біршама кітапханасы бар. Имамның бөлмесіне компьютер қойылған. Күмбезінің сыртқы түсі көкшіл, ішкі жағы ақ сырмен боялған. Ғимаратының биіктігі 4,7 метр. Ғимарат жанында жеке мұнара тұрғызылған, биіктігі 17 метр, төбесі сүйірленіп келген. Сумен қамтамасыз етілген.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019







+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3