Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Көктерек ауылдық мешіті» (Суреттер)

«Көктерек ауылдық мешіті»

«Көктерек ауылдық мешіті» Катон-Қарағай ауданы Көктерек ауылында бой көтерген. Құрылысы 2001 жылы басталып, 2003 жылы пайдалануға берілген. Құлшылық үйін кәсіпкер Жанатбек Тілеубаев салғызған. Жерінің жалпы аумағы 0,06 га. Ауылдың орта тұсында тұрған Көктерек орта мектебінің жанындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткішке іргелес орналасқан. Ауласына гүл егілген. Кейбір жерінде егілген шөп өседі. Ғимараттың жалпы аумағы 146,7 шаршы метр, 50 адамға арналған. Төрт қабырғалы, қызыл және ақ кірпіштен салынып, безендірілген. Намаз оқитын залында мінбері бар, азан шақыратын қондырғы орнатылған, электр және жылу жүйесі жүргізілген. Алла үйін күмбезімен есептегенде биіктігі 7 метр. Алдыңғы жағындағы кіреберістің екі бұрышында екі кішкентай мұнараға ұқсас бұрыштама орнатылған. Күмбезі кірпіштен тұрғызылып, сырты қаңылтырмен қапталған, жеке мұнара салынбаған. Ауласы темір шарбақпен қоршалған.

 

Осы облыстағы мешіттер