«Ақтан» мешіті
«Ақтан» мешіті Зырян ауданы Курчатов көшесінің бойында тұрғызылған. Ол Шығыс Қазақстан өңіріндегі ірі мешіттердің бірі. Жоба авторы және құлшылық үйін салуға көп үлесін қосқан, осы өңірге танымал іскер басшы “Шығыс Найман” ЖШС ұжымының бас директоры Ержан Нұрбаев. Ғимарат құрлысын аталмыш ұжым жүргізіп, қаражатын да өздері көтерген. 100 адам намаз оқи алатын үлкен залдан, бес уақыт намаз оқитын залдан және де басқа да бөлмелерден тұрады. Әр бөлменің ішіндегі бояу нақыштары қайталанбайды. Қабырғасының биіктігі 6 метр. Есік маңдайшаларының жоғарғы жағы ұлттық нақышпен өрнектелген. Бір күмбезі және 12 метр болатын мұнарасы бар, ғимаратының аумағы 18х12 метр, биіктігі 6 метр. Бөлмелері электр қуатымен жылытылады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

05.06.2019







+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3