Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мұхамади» мешіті (Суреттер)

«Мұхамади» мешіті

«Мұхамади» мешіті Өскемен қаласы  Пермитина көшесінде орналасқан.  2003 жылы Мұхамадиев Қазыкен Әнуарбекұлының демеушілігімен салынды.

Мешіт үш қабаттан тұрады, жалпы ауданы  550 шаршы метрді құрайды. Төменгі қабатында асхана, дәрісхана және қойма орналасқан. Ортаңғы негізгі қабатта ерлер намаз оқитын үлкен зал мен имамның қызметтік бөлмесі орналасқан. Үстіңгі қабатында әйел адамдардың намаз оқитын бөлмесі мен кітапхана жайғасқан. Осы үш қабатқа мешіттің екі жағындағы баспалдақтар арқылы көтеріледі. Ауласы қоршалып, саялы ағаштар егілген.

 

Осы облыстағы мешіттер